Abstract:
Бұл мақалада тіл дамыту ұйымдарының ұйымдастырған іс–әрекеттерінде саусақ
гимнастикасының балалардың ұсақ моторикасын дамытудағы маңызы қарастырылады. Саусақ гимнастикасы – балалардың қол және саусақ бұлшықеттерін нығайту, координацияны жақсарту, сондай–ақ тілдік дағдыларды дамыту үшін тиімді әдіс. Саусақ гимнастикасының балалардың шығармашылық қабілеттерін, зейінін және есте сақтауын қалай жақсартатыны, сондай–ақ, ойын элементтері арқылы балалардың қызығушылығын арттыру жолдары талданады.