Abstract:
Мақала мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттері мен эмоциялық өрісін дамыту мәселесіне арналған. Мақалада арт–терапияның – сурет салу, музыкотерапия, құмтерапиясы әдістерінің балалардың шығармашылық қабілеттеріне, эмоциялық өрісіне, денсаулығына, жалпы психикалық күйін жақсартуға маңызды ықпалы қарастырылған.