Abstract:
Бұл мақалада мектеп оқушылары арасындағы кибербуллинг мәселесі қарастырылады. Кибербуллингтің негізгі ерекшеліктері, себептері, оның психологиялық және әлеуметтік салдары талданады. Сонымен қатар, Қазақстандағы статистикалық деректер келтіріліп, кибербуллингке қарсы қолданылатын негізгі шаралар қарастырылады. Алдын алу жолдары және ата–аналар мен мұғалімдердің рөліне назар аударылады.