Abstract:
Мақалада жеткіншектер девиациясы мәселесімен тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік беретін метафоралық ассоциативті карталарға шолу жасалған. Сонымен қатар, метафоралық карталар, оның артықшылықтары, түрлері және олармен жұмыс тәсілдері сипатталған. Сонымен қатар, девиантты жеткіншектермен жұмыста отандық авторлардың (Г.М. Молдахметова, Р.Е. Жангалиева) «Бала жаны» метафоралық ассоциативті карталар жинағының қолдану көрсетілімдері мен
қолдану тиімділігі қарастырылған. Карталардың психодиагностикалық және психокоррекциялық құрал ретіндегі мүмкіндіктері де баяндалған.