Abstract:
Мақала мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық өрісін дамыту мәселесіне арналған. Мақалада арт–терапияның – сурет салу, ертегі, ойын, музыка арқылы балалардың эмоциялық өрісіне, қарым–қатынасына, денсаулығына, жалпы психикалық күйін жақсартуға маңызды ықпалы қарастырылған. Сонымен қатар, аталған тақырып бойынша зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне ғылыми талдау жасалған.