Abstract:
Мақала практикалық психолог жұмысында белсенді қолданылып жүрген метафоралық карталар құралына арналған. Мақалада метафоралық ассоциативті карталарды қолдану қағидалары мен ережелері, оның диагностикалық, коррекциялық және терапиялық мүмкіндіктері сипатталып, МАК жинақтарға қысқаша шолу жасалынған. Сонымен қатар, аталған құралды балалармен, жеткіншектермен жұмыс жасауда қолдану ерекшеліктері қарастырылған.