Abstract:
Мақалада АҚШ пен Ресейдің білім беру жүйесінде жасанды интеллект енгізу
қарастырылады. Ресейде интеллектіні дамыту 2030 жылға қарай білім беру процесіне АI–ді толық енгізуді көздейтін Президенттің №490 Жарлығымен реттеледі. АҚШ–та стратегия MIT, Google және Microsoft сияқты жетекші университеттер мен технологиялық компаниялардың қолдауымен мектеп оқушыларының AI дағдыларын дамытуға, оқытуды жекелендіруге және білім беру үдерістерінде интеллектуалды технологияларды пайдалануға бағытталған. Екі ел де білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізу және студенттерді заманауи цифрлық дағдылармен
қаруландыру арқылы оқыту сапасын арттыруды көздеп отыр.