Abstract:
Бұл мақала STEM біліміндегі жасанды интеллекттің (ЖИ) маңыздылығын, оның
мүмкіндіктері мен қолдану аясын зерттеуге арналған. ЖИ технологиялары оқыту процесін дараландыру, аналитикалық мүмкіндіктерді кеңейту және автоматтандыру арқылы білім беру сапасын жақсартуға ықпал етеді. Сонымен қатар, ЖИ–дың білім беру жүйесіне енгізілуі барысында кездесетін әлеуметтік, қаржылық және этикалық мәселелер талқыланады.Мақалада ЖИ–дың STEM пәндеріне тигізетін әсері, студенттердің оқу нәтижелерін арттырудағы рөлі және мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету жолдары қарастырылады. ЖИ–ды интеграциялау STEM білімінің теңгерімді дамуын қамтамасыз етіп, оқушылардың танымдық және шығармашылық
қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді.