Abstract:
Технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында қазіргі білім берудің негізгі міндеттерінің бірі өзінің кәсіби қызметінде цифрлық құралдарды тиімді пайдалана алатын болашақ мамандарды даярлау болып табылады. Мақалада жасанды интеллектті қолдану негізінде болашақ педагог–психологтердің цифрлық сауаттылығын дамыту қарастырылады. Автор студенттердің білім беру процесінің сапасын жақсартуға және психологиялық практиканың тиімділігін арттыруға
ықпал ететін жаңа технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру үшін жасанды интеллектіні білім беру процесіне біріктірудің маңыздылығын атап көрсетеді. Деректерді талдау, жекелендірілген білім беру бағдарламаларын құру және кеңес беру үшін чатботтарды пайдалану сияқты психологияда жасанды интеллектіні қолданудың әртүрлі аспектілері қарастырылады. Болашақ мамандардың цифрлық құзыреттіліктерін дамыту оларға цифрлық қоғамның сын–қатерлеріне дайын болуға көмектеседі және білім берумен қатар кәсіби салада жоғары сапалы
психологиялық қолдауды қамтамасыз етеді деп күтілуде.