Abstract:
Бұл мақалада ағылшын тілі сабақтарында медиаресурстарды қолданудың оқушылардың сыни ойлау қабілетіне әсері зерттелді. Эксперименттік зерттеу нәтижелері медиаресурстарды жүйелі түрде пайдалану оқушылардың ақпаратты талдау, логикалық байланыстарды анықтау және аргументтерді бағалау дағдыларын дамытатынын көрсетті. Зерттеу барысында алынған мәліметтер медиаресурстардың білім беру үдерісіндегі маңыздылығын дәлелдеп, мұғалімдерге практикалық ұсыныстар берілді.