Abstract:
Бұл мақалада білім беру ұйымдарында оқушылардың физикалық және психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі аспектілері қарастырылады. Білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік шаралары тек денсаулық пен өмірге төнетін қауіптерді азайтумен шектелмейді, сонымен қатар, оқушылардың психологиялық жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Физикалық қауіпсіздік мектеп ғимаратының талаптарға сай болуы, эвакуация жоспарлары, қауіпсіздік техникасы мен алғашқы медициналық көмек көрсету шараларын қамтиды. Ал психологиялық қауіпсіздік буллингтің алдын алу, оқушылар арасындағы қарым–қатынасты
жақсарту, эмоционалды қолдау көрсету және стресс факторларын төмендету арқылы
қамтамасыз етіледі.