Abstract:
Қазіргі білім беру ұйымдарында қауіпсіздік пен білім сапасын арттыру басты мәселелердің бірі болып табылады. Жаңа технологияларды енгізу арқылы оқу процесін тиімдірек етіп, оқушылар мен мұғалімдердің физикалық және психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігі туындайды. Мақалада білім беру ұйымдарында қауіпсіз орта құру, білім сапасын арттыру жолында қолданылатын инновациялық технологиялар қарастырылады.