Abstract:
Қазіргі заманда технологиялардың дамуы білім беруде үлкен рөл атқарады. Мектеп
кітапханасындағы кітаптарды тек мектепте ғана пайдалану кейде оқушыларға қиындық тудырады. Сондықтан, осы кітаптарды электронды форматқа ауыстырып, оқушыларға онлайн кітапхана арқылы кез келген уақытта және кез келген жерде оқу мүмкіндігін беру өте маңызды. Бұл мақаланың негізгі мақсаты – оқушылар мен мұғалімдерге оқу материалдарын тиімді және оңай қолжетімді ету. Мақаланың мақсаты онлайн кітапхана құру арқылы оқушылар мен мұғалімдерге мектеп кітапханасының барлық ресурстарын интернет арқылы пайдалану мүмкіндігін беру. Оқу материалдарын оңай табуға және оларды кез келген жерде оқуға жағдай жасау.