Abstract:
Бұл мақалада инновациялық технологиялардың мектеп информатикасын оқытудағы рөлі мен әсері қарастырылады. Қазіргі заманғы білім беру үрдісінде цифрлық технологияларды қолдану оқушылардың оқу материалын игеруін жеңілдетіп, олардың танымдық белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін арттырады. Сонымен қатар, мақалада инновациялық оқыту әдістерінің артықшылықтары, оларды енгізу барысында кездесетін қиындықтар мен оларды шешу жолдары талқыланады.