Abstract:
Бұл мақалада қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында STEAM технологияларын қолданудың тиімділігі қарастырылады. Оқушылардың шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту үшін заманауи әдістер мен тәсілдер ұсынылады. Практикалық бөлімде нақты сабақтардан алынған тәжірибелер мен нәтижелер талданады. STEAM әдістемелері арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығы артып, командалық жұмыс жасау дағдылары жетілдіріледі. Мақала соңында STEAM технологияларын интеграциялаудың маңыздылығы мен перспективалары туралы
қорытынды жасалады.