Abstract:
Соңғы жылдары визуалдау әдістері орта мектеп білім беру үрдісінде кең қолданыла
бастады. Оның себебі – бұл әдістердің оқушылардың белсенділігі мен есте сақтау қабілетін арттыру арқылы оқуды тиімдірек және қызықты етуге мүмкіндік беруі. Мақалада орта мектеп бағдарламасындағы визуалды әдістердің маңыздылығы, олардың оқу үрдісіне және оқушылардың нәтижелеріне әсері қарастырылады.