Abstract:
Графиктер мен схемалар ақпаратты көрнекі түрде ұсыну құралы ретінде күрделі химиялық процестерді қабылдауды жақсартуға ықпал етеді, сондай–ақ оқушыларға аналитикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Мақалада әртүрлі графиктер мен графикалық бейнелерді деректерді интерпретациялау және қорытынды жасау дағдыларын қажет ететін есептерді шешуде қолдану жолдары талданады. Бұл құралдарды оқу үдерісіне интеграциялау әдістеріне ерекше назар аударылып, функционалдық сауаттылық деңгейін арттыру және білімді тәжірибеде сәтті қолдану мақсаттары қарастырылады.