dc.description.abstract |
Бұл мақалада қазақ тіліндегі шақ категориясының морфологиялық және семантикалық ерекшеліктері қарастырылады. Етістіктің шақтық мағынасы қимыл–әрекеттің белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асуымен тікелей байланысты. Қазақ тіл білімінде шақ категориясын топтастыру мен олардың көрсеткіштерін анықтау мәселесінде бірізділік жоқтығы байқалады. Зерттеу барысында А. Байтұрсынұлы, Т. Қордабаев, Ы. Маманов сынды ғалымдардың еңбектері талданып, олардың шақ түрлерін анықтаудағы көзқарастары салыстырылады. Сонымен қатар, түркі тілдеріндегі шақ категориясының ұқсастықтары мен айырмашылықтарына шолу жасалып, олардың жасалу жолдары салыстырмалы түрде қарастырылады. Мақалада шақ пен рай категорияларының өзара байланысы, сондай–ақ шақ түрлерінің ажыратылуындағы қиындықтар сөз болады. Зерттеу нәтижелері қазақ тіл біліміндегі шақ категориясының теориялық негіздерін тереңірек түсінуге және оны оқыту әдістемесін жетілдіруге үлес қосады. |
en_US |