Abstract:
Мақала отбасы, мектеп және қоғам арасындағы әлеуметтік ынтымақтастықтың
тәрбиелік маңыздылығына арналады. Бұл мақалада осы үш институттың бала тұлғасын қалыптастырудағы рөлі мен өзара әрекеттестігі қарастырылады. Отбасы баланың әлеуметтік мінез–құлқы мен адамгершілік құндылықтарының негізін қалаушы орта болып табылады, ал мектеп баланың әлеуметтену процесінде шешуші рөл атқарады. Қоғам да балаларды әлеуметтік нормалар мен құндылықтарға бейімдеуде маңызды рөл ойнайды.