Abstract:
Бұл мақалада білім беру ұйымдарында ауытқулардың алдын алу мәселесі қарастырылады. Оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау және дамыту үшін педагогтар мен психологтардың атқаратын рөлі туралы айтылады. Мақалада тиімді педагогикалық тәжірибелер, психологтың мектептегі қызметі, сондай–ақ ата–аналармен жұмыс істеудің маңыздылығы баяндалады. Оқушылардың психологиялық ауытқуларын ерте кезеңде анықтап, оларға көмек көрсету арқылы олардың оқу мен дамуына қолайлы жағдай жасау ұсынылады.