Abstract:
Қазіргі білім беру жүйесінде инклюзивті білім беру кеңінен қолданылуда. Бұл модель ерекше қажеттілігі бар оқушылардың да жалпы білім беру ортасында тең дәрежеде білім алуына мүмкіндік береді. Мақалада қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инклюзивті білім беруді жүзеге асырудың маңызы мен әдіс–тәсілдері қарастырылады. Инклюзивті білім беру принциптері оқушылардың жеке
мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес ұйымдастырылған оқу процесінде қолданылатын әдістер мен тәсілдер арқылы жүзеге асады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде инклюзивті білім беруді тиімді жүзеге асыру үшін мұғалімдер оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, білім беру материалдарын және оқыту әдістерін бейімдеуге тиісті. Бұл мақалада инклюзивті білім берудің тиімділігі, оның шығармашылық, әлеуметтік және академиялық дамуға әсері, сондай–ақ
қолданылатын әдіс–тәсілдер талданады.