Abstract:
Бүгінде бала тәрбиесі тек мектептің ғана емес, сондай–ақ отбасының да маңызды міндеті болып табылады. Баланың жеке тұлғасының қалыптасуы мен әлеуметтік бейімделуінде мектеп пен отбасының ынтымақтастығы ерекше орын алады. Отбасы мен мектеп арасындағы байланыс – тәрбие процесіндегі өзара түсіністік пен қолдауды қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі. Бұл өзара байланыс тәрбиеленушінің психологиялық, әлеуметтік және моральдық дамуында шешуші рөл атқарады.