dc.description.abstract |
Отбасы – баланың құндылықтарын, моральдық нұсқауларын және қарым–қатынас дағдыларын қалыптастыратын бірінші және негізгі әлеуметтік ортасы. Ата–аналар үлгі ретінде қызмет етеді және олардың қарым–қатынасы мен сенімдері тұлғаның дамуының негізін қалайды. Дегенмен, қазіргі өмір сарыны жағдайында, ата–аналар балаларына бӛлетін уақыт тапшылығын жиі сезінетін кезде, басқа білім беру мекемелерімен өзара әрекеттесу маңыздылығы артады. Баланың жеке тұлғасын қалыптастыру процесінде мектеп басты рӛл атқарады. Ол тек білім беріп қана қоймайды, сонымен қатар әлеуметтік дағдыларды, жауапкершілік пен азаматтық ұстанымды дамытуға ықпал етеді. Мұғалімдер оқушыларға олардың қоғамдағы рөлін түсінуге көмектесетін тәлімгер болады. Бірақ, отбасының белсенді қарым– қатынасынсыз мектептегі тәрбие жұмысының тиімділігі айтарлықтай төмендейді. Сондықтан да табысты болу үшін ата–ана мен мұғалім арасындағы серіктестік маңызды. |
en_US |