Abstract:
Бұл мақалада отбасы мен мектеп арасындағы әлеуметтік серіктестіктің маңызы қарастырылады. Автор ата–аналардың білім беру үдерісіне тартылуының тәрбиелік әлеуетті арттырудағы рөлін сипаттайды. Сондай–ақ, ата–аналармен өзара іс–қимылды жетілдіру, оларды мектеп өміріне белсенді араластыру жолдары қарастырылады. Мақалада мұғалімдер мен ата–аналардың ынтымақтастығының негізгі формалары, әдістері мен бағыттары талданады.