Abstract:
Мақалада баланың психологиялық әл–ауқатын қалыптастыруда отбасының, мектептің және қоғамның рөлі жан–жақты қарастырылады, осы үш әлеуметтік ортаның өзара үйлесімді әрекетінің маңыздылығы айтылады. Қоғам – баланың тұлғалық жетілуін жалғастырып, өмірлік құндылықтарды меңгеруге мүмкіндік береді. Мақалада әрбір ортаның психологиялық қолдауы, тәрбиелік және әлеуметтік қызметтері баланың бақытты, табысты әрі саналы азамат болып өсуіндегі шешуші факторлар ретінде көрсетілген.