Abstract:
Мақалада «Ақпараттық мәдениет» бұл қазіргі әлеуметтік теорияның жаңа үлгісі, яғни ақпараттық қоғамның ерекше мәдениетін көрсететін, қоғам мен мемлекет, әлеумет пен билік арасындағы дәнекер болып табылатыны сөз етілген. Шетелдік, отандық ғалымдардың «Ақпараттық мәдениет» ұғымына берген түсініктері мен мазмұны қарастырылған. Аталған еңбекте ақпараттық мәдениет түсінігінің мәні мен мазмұны кітапханашылардың түсіндірмелі сөздіктерінде берілген анықтамаларға сәйкес талданған.