Abstract:
Мақалада тәрбиенің бастауы болған отбасы мүшелері тәрбие мен оқу жоспарын іске асыруда мектептің ең басты одақтасы бола алатыны, сондай– ақ, мектеп пен отбасы мүшелері өзара бірлесіп жұмыс істегенде ғана ынтымақтастықпен қарым–қатынас болып, арада түсіністік пен үйлесімділік орнайтыны қарастырылған. Бүгінгі отбасыларындағы ата–аналардың бала тәрбиесін заман талабына сай ұйымдастырудағы қабілеттері мен мүмкіндіктері бірдей болмай отыр. Ол үшін отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту өте маңызды. Ата–ана мен ұстаздың біріге жұмыс істеуі ең алдымен балаға пайдалы. Екі жақтың қамқорлығын сезінген бала өз тарапынан да жауапкершілік көрсетіп, үлгілі тәрбие мен мектептегі тәрбие бірін–бірі толықтырып, жетілдіріп отырса ғана нәтижеге жетпек.