Abstract:
Бұл мақалада отбасы, мектеп және қоғам арасындағы әлеуметтік серіктестіктің тәрбиелік үдерістегі маңызы қарастырылады. Баланың жан–жақты дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында осы үш институттың үйлесімді өзара әрекеттестігі негізгі рөл атқарады. Мақалада әлеуметтік серіктестіктің тиімді тетіктері, оның тәрбиелік ықпалы және қазіргі заманғы білім беру жүйесіндегі маңыздылығы талданады. Сонымен қатар, отбасы, мектеп және қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолдары ұсынылады.