Abstract:
Бұл мақалада уақыт өлшем бірліктерін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларына белгілі бір уақыт туралы білім–білік, дағдылармен қатар тәрбие берудің мәні мен мазмұны айтылып, оның сынып аралық енгізілу ерекшелігі қарастырылады. Математикалық теория мен тәжірибенің байланысын жүзеге асыруда кіші мектеп жасындағы оқушылардың уақыт туралы түсініктерін кеңейту және тереңдетудің, танымдық қызығушылықтарын дамытудың білімдік, тәрбиелік және дамытушылық рөлі көрсетілген.