Abstract:
Бұл мақалада Кейкі батырдың тар кезеңдегі ерлігі жайлы тың деректер берілген. Батырдың қилы тағдыры, өмірі, күресі мен оның ұлттық тарихтағы орны жан–жақты қарастырылады. Жұмыс дереккөздерге, архив материалдарына және тарихи әдебиеттерге негізделген. Мақала тарихшы, әдебиетші қауым үшін, жалпы сөз қадірін жетік білетін, Отанын, туған жерін, оның тарихы мен тарихи тұлғаларын сүйетін оқырмандарға арналған.