Abstract:
Мақалада Қазақстан Республикасының білім берудегі біртұтас тәрбие беру бағдарламасы аясында сабақта және сабақтан тыс уақытта тәрбиелеудің құндылықтарын жүзеге асырудың негізгі әдістері мен тәсілдері қарастырылады. Құндылықтық тәрбиенің оқушылардың тұлғалық дамуына, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңіруіне ықпалы талданған. Зерттеу барысында құндылықтарды сабақ үдерісіне интеграциялау жолдары және сабақтан тыс уақыттағы тәрбиелік іс–шаралардың біртұтас тәрбие бағдарламасымен үйлесімділігі анықталған.