Abstract:
Қазақтың ұлттық өнері – өскелең ұрпақтың рухани және эстетикалық тәрбиесінің негізі. Балабақшадағы балаларға эстетикалық тәрбие беру барысында ұлттық өнерді пайдалану олардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, мәдени мұраға деген қызығушылығын арттырады. Бұл мақалада ұлттық өнердің мектепке дейінгі білім беру жүйесінде эстетикалық тәрбие берудегі рөлі қарастырылады. Ән, күй, қолөнер, ұлттық би және ою–өрнек секілді ұлттық өнер түрлерінің баланың дүниетанымына, көркемдік талғамына және шығармашылық қабілеттеріне әсері талданады.