Abstract:
Заманауи қоғамның талаптарына сай, ағылшын тілі ерекше маңызға ие болып отыр, себебі ол халықаралық қатынастарда, білім мен жұмыс саласында кеңінен қолданылуда. Мақалада авторлық бағдарлама арқылы оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, олардың тілдік дағдыларын дамыту мақсатында жаңа инновациялық тәсілдер мен ақпараттық технологияларды қолдану қарастырылған. Бағдарламада сабақтың түрлері мен әдістері жан–жақты және тиімді, сонымен қатар ол оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай бейімделген.