Abstract:
Бұл мақалада қазіргі білім беру жүйесіндегі балалар мен жастарды тәрбиелеудің негізгі құндылықтары, кездесетін проблемалар және оларды шешу жолдары қарастырылады. Тәрбие үдерісінде адамгершілік, отансүйгіштік, еңбекқорлық, отбасы құндылықтары, денсаулық пен құқықтық жауапкершілік секілді жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың маңыздылығы талданады. Мақалада қазіргі заманғы ақпараттық орта мен жаһанданудың тәрбиелік құндылықтарға әсері, отбасы институтының әлсіреуі, мұғалімдердің кәсіби дайындығы және мектеп пен қоғам арасындағы байланыстың жеткіліксіздігі сияқты негізгі проблемалар сипатталады. Қорытынды бӛлімде жастар тәрбиесінің қоғамның дамуы үшін маңыздылығы атап өтіліп, құндылықтарға негізделген тәрбие жүйесінің үйлесімді тұлғаны қалыптастырудағы рөлі айқындалады.