Abstract:
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарастарындағы гуманистік ой–пікірлердің теориялық негіздері қарастырылады. Оның ағартушылық қызметі мен педагогикалық мұраларының негізінде адамгершілік тәрбие, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық гуманистік принциптердің үйлесімі жатыр. Мақалада Алтынсариннің білім беру мен тәрбие мәселелері бойынша ұсынған идеяларының бүгінгі педагогикадағы маңыздылығы талданып, гуманистік педагогика тұрғысынан жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі анықталады.