Abstract:
Мақалада баланың рухани – адамгершілік дамуы балабақша мен отбасы арасындағы қарым – қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асуы жайлы айтылған. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым – қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте – еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай – ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар жайлы айтылған.