Abstract:
Мақалада инклюзивті білім беру жүйесі әлемдегі, Қазақстандағы білім беру жүйесінің басым бағыты ретінде сипатталып, ерекше балаларды қоғамда тең мүмкіндіктерге ие етудің маңыздылығы айқындалған. Сонымен қатар шетелдік тәжірибелерге сай инклюзивті білім беру жүйесіндегі тьютор қызметінің ерекшеліктері талданып, оң және теріс аспектілері сараланған. Жалпы орта білім беретін мектептерде ерекше баланы әлеуметтендіру, аутистикалық бұзылулардың алдын алу тьютор маманның кәсіби құзыреттіліктерінің кӛмегімен жүзеге асырылғанда ғана нәтижелі болатындығы тұжырымдалған.