Abstract:
Қазақстандық қоғамдық ойды, әдебиет пен өнерді, ғылымды және жалпы рухани мәдениетті дамытуда Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің өзіндік орны бар. Ол ортаазиялық көркем ойдың дамуына өз шығармашылығымен зор әсер етті. Алайда ол көркем ойдың биік деңгейіне шыға тұрып, өз ұлтының этникалық ерекшеліктерін айшықтап көрсете білді.