Abstract:
Мақалада жас ұрпақты өз халқының тарихын, салт–дәстүрін, тілін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеудің маңыздылығы жазылған. Мектептегі білім алушылардың бойына ұлттық құндылықтарды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында іс–шаралар, тәрбие сағаттарында қалай қалыптастыруға болатындығы туралы сөз болған. Жастарымыздың бойында ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ өсіру жайында айтылған.