Abstract:
Мақалада Тұманбай Молдағалиев қазақ поэзиясындағы сыршыл лиризмді дамытқан ақын екені және шығармашылығының ең басты ерекшелігі–оның өлеңдері сезімге толы болып келетіні баяндалады. Ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы – адамның рухани дүниесімен астасқан гуманистік, адамгершілік мұраттар. Ақын шығармалары халықтың ең ізгі ойымен, арманымен астасып жатқан үміт, күйіну, сүйіну, ӛкініш т.б. сезім күйлерін ерекше тебіреніспен өлеңге айналдыра білгені және туған елінің өнер дариясынан еркін сусындап, бойындағы бар асылын жұртына қалтқысыз жұмсаған ақын тағдыры – бақытты тағдыр екені туралы жазылып, ақынның ақындық сыры шынайы адамдық қылықтарға, жас адамға лайық сезім шыншылдығына, терең астарлы ойға құрылғаны жайлы айтылған.