Abstract:
Бұл мақалада қазақ тілді жаңалық мәтіндеріндегі неологизмдер мен терминдердің балалар мен жастардың тәрбиесіне тигізетін ықпалы талданады. Заманауи ақпараттық кеңістіктегі жаңа сөздер мен ұғымдардың тәрбиелік рөлі мен олардың құндылықтық бағдарларды қалыптастырудағы маңызы қарастырылады. Мақалада неологизмдер мен терминдердің тілі мен мазмұнының жасөспірімдер санасына әсер ету тетіктері, тәжірибелік үлгілері, сондай–ақ олардың әлеуеті жан–жақты сараланады.