Abstract:
Бұл мақалада қазіргі білім беру жүйесіндегі ұлттық құндылықтар мен жаңа педагогикалық әдістемелердің жастар тәрбиесіндегі маңызы талданады. Жастарды ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу арқылы олардың өз мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық тарих пен дәстүрлерді құрметтеуге бағыттау көзделеді. Мақалада ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында жүргізілген іс–шаралар мен педагогикалық әдістемелердің тиімділігі туралы ӛз тәжірибемнен мысалдар келтірілген. Сонымен қатар, заманауи әдістемелер мен технологияларды қолданудың жастарды тәрбиелеудегі рөлі қарастырылған. Ұлттық мәдениетті сақтап, оны дамыту арқылы ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар ұсынылады.