Abstract:
Мақалада Ресей Федерациясы, Санкт–Петербург қаласындаы Ресей мемлекеттік тарихи мұрағатында (РМТМ) ғылыми–іздестіру жұмыстарының нәтижесі, Шығыс қолжазбалар институтындағы Ыбырай Алтынсариннің табылған үш хатының түпнұсқасының табылуы жайында, Қостанайдағы Ыбырай музейінің ғылыми қорын құнды жәдігерлермен толықтырылуы жайында айтылады. Ағартушының хаттары – жай ғана хаттар емес, кейінгі ұрпақтар үшін рухани – мәдени мұра, қазақ білімінің алғашқы қалыптасу кезеңінің, жалпы Ыбырай Алтынсариннің педагогтік, ағартушылық қызметінің айнасы іспеттес баға жетпес құндылық. Осы мақалада ағартушының табылған үш хатының мазмұнын тарихи маңыздылығы нақты түсіндіріледі.