Abstract:
Мақалада Қостанай облысындағы «Олжа Арыстан-ПК» ЖШС шаруашылығындағы герефорд тұқымды сиырлардың полиморфты ген аллельдері зерттелген. Зерттеудің нәтижесі ретінде герефорд тұқымы ірі қара малының полиморфты аллельдер саны, аллельдердің кездесу жиілігі, күтілетін гетерозиготалылық, бақыланатын гетерозиготалылық деңгейлер, гетерозиготалылық үлесінің фиксациялану индексі, полиморфтылық деңгей және гомозиготалық коэффициент сияқты параметрлері туралы ақпарат берілген.