dc.description.abstract |
Мақалада Баян-Өлгейдің тумасы, ақын Мұрат Пұшатайұлының кейбір өлеңдерін негізге алып, өзі өмір сүрген ортаның шындығын қаз қалпында суреттеп, ой толғамдарын рухани-танымдық тұрғыда қарастырылады. Ақын өлеңдері өзіне дейінгі ақындар мектебінен үлгі алып, қоғамда жетекші рөл атқаратын адам қапиталын асқан шеберлікпен, дәлдікпен жеткізуде, бүгінгі екі елдің «әділдік, адал азамат қоғамы» бағдарламасымен үндесуде. Автор, ақын жырларындағы Отан-Ана, туған жер, отаншылдық сезім, адамгершілік, т.б. бағыттағы тақырыптарын рухани-мәдени танымдық тұрғыда саралап, зерделеу қазақ-моңғол әдеби-мәдени байланысының
дамуына ықпал етеді деп санайды. Келешекте моңғол жеріндегі қазақ ақындарының толық антологиясын шығару арқылы ұлт тілінің байлығын молайтуға септігі тиері сөзсіз. Сонымен бірге, ақын мен ән жазған сазгер арасындағы әуендік үндестік әншіге, не әнді өңдеушіге қатыстылығы жөнінде де ой-пікірін ұсынады. |
en_US |