Abstract:
Мақалада Мұқағали Мақатаевтың кейбір жырларын негізге алып, өзі өмір сүрген ортаның шындығын қаз қалпында суреттеп, ой түйген толғамдарын рухани-танымдық бағытта насихаттау тұрғысынан қарастырылады. Қазақ поэзиясында аңызға айналған Мұқағали әлемі Абай шығармаларымен, ұлы Абайдың «толық адам» өлшемдерімен сабақтасып жатқаны сөз етіледі. Талдауға алынған ақын өлеңдері өзіне дейінгі ақындар мектебінен үлгі алып, қоғамда жетекші рөл атқаратын адам қапиталын асқан шеберлікпен, дәлдікпен жеткізуде, бүгінгі еліміздің «рухани жаңғыру», «әділдік, адал азамат қоғамы» бағдарламасымен үндесуде. Автор ақынның жауһар жырларын «Темірқазық» етіп, Мұқағали әлемін Отан-Ана, туған жер,
отаншылдық сезім, адамгершілік, т.б. бағыттағы тақырыптарын саралап,
зерделеп, отандық ғылымның дамуын рухани-мәдени танымдық тұрғыда
зерттеу арқылы Мұқағалитану ғылымының айқындауына ықпал етеді деп
санайды.