Abstract:
Жансүгіровтің «Қолбала» поэмасы қазақ әдебиетінде терең әлеуметтік мәселе көтерген көркем туынды. Поэмада феодалдық қоғамның әділетсіздігі, әлеуметтік теңсіздік және әйел теңсіздігі секілді өзекті мәселелер бейнелі тіл, өткір символдар мен көркемдік тәсілдер арқылы ашық көрсетіледі. Шығармадағы эпитет, метафора, гипербола сияқты көркемдік құралдар кейіпкерлердің психологиясын, оқиғалардың драматизмін айқындайды. Поэманың көркемдік ерекшеліктері арқылы Жансүгіров қазақ қоғамындағы әлеуметтік теңсіздікке қарсы ой тастап, оқырманға терең ой
салуға ұмтылған.