Abstract:
Бұл мақалада Қошке Кемеңгерұлының қазақ тілінің тазалығы мен білім беру әдістемесіне қатысты көзқарастары талданады. Қошке Кемеңгерұлы XX ғасыр басындағы қазақ халқының рухани дамуына елеулі үлес қосып, ұлттық тіл мен білімнің өзекті мәселелерін көтерген. Автордың «Қотыр сөздер» және «Жат тілді оқыту әдісі» мақалаларындағы кірме сөздерді бейімдеу, тіл тазалығын сақтау және тиімді оқыту әдістерін қолдану мәселелері бүгінгі күннің де маңызды тақырыптарына айналып отыр. Мақалада Қошкенің тіл үйрету әдістемелерінің заманауи білім беру
жүйесіне бейімделу мүмкіндіктері қарастырылған. Зерттеу барысында автордың қазақ тілін дамытудағы педагогикалық мұрасы ұлттық тілдік болмыстың тұтастығын сақтауға бағытталған маңызды ресурс екені анықталды.