Abstract:
Ақынның «Жусан иісі» повесінде соғыс кезіндегі балалардың тағдыры суреттеліп, мағынасы концептілік құрылымдар арқылы ашылады. Аянның тағдыры арқылы автор сол кездегі балалардың ерте есейіп, өмірдің ащы тұстарымен бетпе-бет келуін, балалықтың аңсарлы сәттерін және сағыныштың символын суреттейді. Повестегі басты кейіпкер Аян – өмірдің қиындығын ерте жастан сезінген, бірақ өзінің нәзік жан дүниесін сақтай білген ерекше кейіпкер. Оның тағдыры арқылы автор соғыс жылдарындағы балалар өмірінің ауыртпашылығын, жалғыздық пен сағыныш сезімін шебер бейнеленеді. Аянның ертегі айтуы оның ішкі әлемінің байлығы мен рухани күшін айқындаса, жусан иісіне деген сағынышы туған жерге, балалық шаққа деген шексіз махаббатын білдіреді. Аян бейнесі – қайсарлық пен
мейірімділіктің үлгісі ретінде оқырманның жадында мәңгі сақталады.