Abstract:
Қазақтың ғалым педагог-ағартушыларының ірі ӛкілдерінің бірі, қазақ даласында алғаш болып, білім қоңырауын соққан ағартушы-педагог, балалар әдебиетінің атасы,
этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері, тіл тазалығы үшін күрескен Ыбырай Алтынсаринның эпистолярлық мұрасы арқылы ақынның ӛмірі мен ағартушылық қызметін, тыныс – тіршілігін, тұрмысы мен мінез – құлқын, достарына сыйластығын, туыстарына бауырмалдылығын, сонымен қатар, білім беру, мектеп ашу жолында халқына жаны ашып, келешегін ойлаған ағартушы бейнесін ашу. Ыбырай
Алтынсаринның эпистолярлық мұрасын зерттеу, талдау, сол арқылы ақынның әдебиеттану саласының дамуына қосқан үлестерін зерделеу, саралау, еңбектеріне шолу жасай отырып, еңбектерінің мәнін ұғыну.